Ағаш қалдықтарынан 40-тан астам өнім түрлерін жасауға болады
Шығыс Қазақстан облысындағы Орман шаруашылығы институтының ғалымдары өнімді қалдықсыз өңдеудің тың тәсілдерін ойлап тапты.
Және жергілікті кәсіпкерлерге ғылыми жаңалықтарының қыр-сырын ашу үшін бірлесіп жұмыс жасауды ұсынып отыр.
Шығыс Қазақстан облысында көне немесе қураған ағаштар көп. Себебі өндіріс пен тұтыну балансы өзгерген.
Бүгінде өңірде жылына 40 мың текше метр ағаш кесіледі. Бұл көрсеткішті қоршаған ортаға зиян келтірмей, 20 есеге арттыруға болады.
Алайда жергілікті өндіріс орындары мұндай ауқымды игеруге дайын емес. Өйткені өңірдегі ағаш өңдеу тәсілі ескірген.
Алексей Бобошко, орман өңдеуші
-Біз қарағай жайында айтып отырған жоқпыз. Қарағай шаруашылығы шағын ғана аймақты алып жатыр. 20-30 жылдан кейін кесілуі тиіс ағаш түрлері бар.
«Жай ғана кесіп қоймай, ағаш жоңқаларын да тиімді пайдалану қажет», – дейді Риддердегі орман шаруашылығы институтының директоры Андрей Калачев.
Ғалымның айтуынша, қалдықтарды өртеудің орнына, терең өңдеп, тұрмысқа қажет тақтайлар мен биоотын жасауға болады.
Андрей Калачев, орман шаруашылығы институтының директоры
-Орман шаруашылығын зерттейтін ғылымның басты мақсаты – ағаш қалдықтарын тиімді пайдалану. Яғни өңделген жоңқадан өзіндік құны жоғары өнім жасап шығару.
Ғылым мен бизнестің бірлесіп жұмыс жасауы екі жаққа да тиімді. Бірінші кезекте, орман өңдеушілер өнім түрлерін ұлғайтып, табысының белгілі бір бөлігін институттың зерттеулерін қаржыландыруға бағыттай алады.
Бауыржан Құрманбаев, Риддер қаласы әкімінің орынбасары
-Бұл бастамалар Риддер қаласының базасында орман кластерін құруға мүмкіндік береді. Және жаңа жобалардың іске қосылуын қамтамасыз етпек.
46 мың халқы бар бір ғана Риддер қаласында 1100 орман шаруашылығы маманы дайындалады. Сондықтан Шығыс Қазақстан облысында осы кластерді құру аса маңызды.
Авторлары: Гүлмайра Қуатбайқызы, Вячеслав Ветлугин
Дереккөз: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:33, 16 желтоқсан 2025
Қызылордада алғаш рет бір күнде үш бүйрек ауыстырылды
-
22:21, 16 желтоқсан 2025
«Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті
-
21:53, 16 желтоқсан 2025
Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын айтты
-
21:39, 16 желтоқсан 2025
Астанада ертең оқушылар қашықтан оқиды
-
21:04, 16 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт бұзылады: үш күнге арналған болжам





