Адриан Маннарино Астана мен оның халқы және қазақстандық теннисшілер туралы айтты
© Сурет: ktf.kz
Astana Open ATP 250 турнирінде өнер көрсетіп жатқан франциялық теннисші Адриан Маннарино Астана мен оның тұрғындары, қаладағы барлар мен дәмханалар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бірінші жылы біз қонақүйден шықпадық, локдаун болды. Кейінірек оралғанда ғана қаланы аралауға мүмкіндік туды. Мұндағы бар мен дәмханаларды аралап, ләззат алдым. Халық өте жылы қарсы алды. Астанада өткізген уақыт ең жақсы кез болды деп айта аламын", - деді ол баспасөз мәслихатында.
Ол сонымен бірге қазақстандық теннисшілер туралы да ойын айтты.
"Бубликпен жақсы доспыз. Онымен биыл бірнеше рет ойнадық. Ол өте жақсы ойыншы. Онымен ойнаған әрдайым көңілді. Бұған қоса, ол салмақты қарсылас. Ара-тұра бірге жаттығып тұрамыз. Сонымен бірге Михаил Кукушкинді де жақсы білемін. Ол да жақсы ойыншы. Бірнеше рет шеберлік байқасып көрдік. Екеуіміз құрдаспыз. Алғаш 20 жасымызда бірге ойнағанбыз. Содан бері 15 жыл өтіпті".Адриан Маннарино
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





