Абай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған адам саны 600-ден асты

14:31, 9 маусым 2023

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Семей орманы" резерватындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған адам саны ек3 есе артып, 600-ден асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орман шаруашылығы комитетінің ақпараты бойынша алдын ала болжам бойынша өрттің көлемі 30 мың га болды, деп жазды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасы.

"Қазіргі уақытта өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, Орман шаруашылығы комитеті, Қорғаныс министрлігінен барлығы 600 астам адам, 168 техника жұмылдырылған".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, алты тікұшақ тартылды, ол өрт аумағын аэровизуалды тексеруге және өрт ошақтарына су шашуға қажет. Тікұшақпен 55 рет 154 тонна су шашылған.

Юрий Ильин Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапарын тоқтатты. Министр ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында құрылған штабты жеке өзі басқарады.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 9 маусым күні таңертең Семей орманындағы өртті сөндіруге қатысып жатқандар саны екі есеге артқанын хабарлаған еді.

Ал әлеуметтік желілерде Абай облысындағы алапат орман өртін сөндіріп, шаршаған өрт сөндірушілер түсірілген бейнежазба тарады. Бейнежазба Қазнет қолданушыларының көңілін елжіретті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!