Абай облысында аударылған жүк көлігі жүргізушісінің жүрек талмасы ұстағаны белгілі болды
© Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Абай облысында жүк көлігі жол шетіне шығып кетіп, аударылған. Сараптама қорытындысында жол апатына жүргізушінің жүрек талмасының ұстауы себеп болғаны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 2025 жылы 7 қазанда аталған жол көлік оқиғасының "Алматы – Өскемен" тас жолының 731-шақырымында болғанын нақтылайды.
"2025 жылғы 5 қазанда Volvo маркалы автокөлігін тізгіндеген 45 жастағы жүргізуші Алматы бағытына қарай келе жатқанда жолдың шетіне шығып кетіп, көлік аударылған. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Сараптама қорытындысына сәйкес, өлім себебі – инфаркт. Бұл қайғылы жағдай ұзақ жол тек кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен қатар физикалық төзімділікті, сабырлылық пен мұқияттылықты талап ететінін еске салады. Басқарусыз қалған ауыр жүк көлігі – жолдағы өзге жүргізушілер үшін үлкен қауіп", делінген полиция хабарламасында.
Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Абай облысының полицейлері жедел жәрдем бригадаларымен бірлесіп, тұрақты түрде рейдтер ұйымдастырады.
"Стационарлық бекеттерде жүргізушілерге дәрігерлердің экспресс-тексеруінен өту ұсынылады. Мұндай тәжірибе жүргізушілердің шаршау немесе денсаулығының нашарлау белгілерін уақытылы анықтап, жолдағы ықтимал қайғылы оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді өз денсаулығына ұқыпты қарауға және өзін жайсыз сезінген жағдайда немесе шаршаған кезде көлік тізгініне отырмауға шақырады", делінген хабарламада.
Бұған дейін Маңғыстауда 10 адамның өмірін қиған жол апаты кезінде ауруханаға түсіп, ота жасалғаннан кейін көлік жүргізушісі қамауға алынғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:11, 24 тамыз 2026
Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды
-
23:06, 24 тамыз 2026
Шымкентте ер адамды қатыгездікпен өлтірді деп алты адам сот алдында жауап беріп жатыр
-
22:59, 24 тамыз 2026
Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты
-
22:12, 24 тамыз 2026
Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижесі қандай
-
21:50, 24 тамыз 2026
Қазақстан таеквондодан әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысады





