Абай облысында 6 ауданды су басу қаупі бар

14:54, 3 наурыз 2026

© Фото: primeminister.kz

Абай облысында 6 аудан су тасқыны қаупі жоғары аумақта тұр.

Бұл туралы Қазгидромет мекемесінің облыстық филиалы хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма және Көкпекті ауданы ерекше бақылауға алынған, деп жазады qazaqstan.tv.

Бірқатар ауданда тоң қалыңдығы 105 – 136 сантиметрге дейін жеткен.

Сондықтан қар күрт ерісе, ылғал жерге сіңбей, тасқын туындауы мүмкін.

Оның үстіне кей жерде жазықтың өзінде қар жарты метрден асады.

Сондықтан алдын ала арықтар тазаланып, жол бойындағы суағарлар мен көпірлер аршылып жатыр.

Елді мекендерден 300 мың текше метрден астам қар шығарылған

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!