Абай облысы әкімі референдумда дауыс берді
© Сурет: Абай облысы әкімдігі
Абай облысында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға дауыс беру жалғасып жатыр.
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Медициналық университет ғимаратында орналасқан №93 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Аймақ басшысы бұл күннің ел үшін маңызы ерекше екенін атап өтіп, Абай елінің жұртшылығы азаматтық белсенділік танытатынына сенім білдірді.

Сурет: Абай облысы әкімдігі
Облыс аумағында барлығы 465 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. Оның – 429-ы ашық, 36-сы – жабық учаске. Облыс бойынша 400 151 сайлаушы дауыс беруге құқылы. Ашық учаскелердің барлығында тұрғындар үшін мәдени іс-шаралар, жәрмеңкелер мен түрлі акциялар ұйымдастырылған.
Референдум учаскелерінде дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасалған. Учаскелер қажетті инфрақұрылыммен жабдықталып, дауыс беру процесі белгіленген тәртіппен өтуде. Учаскелерде пандустар орнатылып, арнайы көрсеткіштер мен ыңғайлы дауыс беру кабиналары қарастырылған. Қажет болған жағдайда учаскелік комиссия мүшелері азаматтарға ақпараттық көмек көрсетеді. Денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтар үшін тасымалды жәшік арқылы үйде дауыс беру мүмкіндігі ұйымдастырылған. Өңірде 2164 мүмкіндігі шектеулі азаматтың деректері нақтыланып, олардың қай учаскеге тіркелгені тексерілген.

Сурет: Абай облысы әкімдігі
Референдумды өткізуге өңірде бір облыстық, екі қалалық, 10 аудандық және 465 учаскелік комиссия қатысуда. Комиссиялардың құрамында 3254 адам жұмыс істейді. Дайындық кезеңінде олардың барлығы арнайы оқытудан өтті.
Облыста бүгін 28 инватакси жұмыс істейді. Оның ішінде Семей қаласында 21 арнайы көлік қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек 6 сурдоаудармашы және әлеуметтік қызметкерлер тартылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:28, 15 наурыз 2026
Егіз полицейлер референдумда өз таңдауларын жасады
-
15:19, 15 наурыз 2026
«Қазақстандағы учаскелерде бәрі жан-жақты ойластырылған»: шетелдік сарапшылар референдум туралы пікір білдірді
-
15:02, 15 наурыз 2026
Маңғыстауда референдум күні Атазаң есімді ұл дүниеге келді
-
14:53, 15 наурыз 2026
ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы референдумда дауыс берді
-
14:38, 15 наурыз 2026
Жетісу облысында Жоңғар Алатауы ұлттық паркі қызметкерлері ұжым болып референдумға қатысты





