ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы референдумда дауыс берді

14:53, 15 наурыз 2026

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 15 наурызда ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумда өз таңдауын жасады.

Айбек Дәдебай Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №51 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Бұған дейін референдумда қазақстандықтардың 51%-дан астамы дауыс бергенін жазғанбыз.

Референдум-2026 туралы барлық жаңалықтарды сілтеме бойынша оқи аласыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!