ҚР ІІМ: дауыс беру барысындағы қоғамдық тәртіп толық бақылауда
© Фото: zakon.kz
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елде жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өткізу барысында қоғамдық тәртіп толық қамтамасыз етілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетейік, барлық өңірлерде ішкі істер органдары референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуде.
Бүгін ел бойынша ішкі істер органдарының қызметкерлері республикалық референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді. Барлық жеке құрам күшейтілген қызмет режиміне көшірілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өтіп жатқан "Референдум – 2026" онлайн-марафоны барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев хабарлады.
Оның айтуынша, басшылық және командалық құрам – тәулік бойы кезекшілік атқарады. Мемлекеттік органдармен бірлесіп референдум учаскелері алдын ала тексерілді. Олардың техникалық қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қорғанысы қаралды. Барлық учаскелер тәулік бойы бақылауға алынды.
"Полиция қызметкерлері дауыс беру залдарында болмайды. Олар тек комиссия төрағасының шақыруымен және қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда ғана кіре алады. Қазіргі уақытта елдегі жағдай – тұрақты, толық бақылауда. Қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ. Ішкі істер министрлігі – азаматтарды заңды сақтауға және қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады", – деді Ш.Әлекешев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:10, 16 сәуір 2026
ІІМ мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады
-
14:56, 16 сәуір 2026
Астанадағы қайғылы өрттен кейін: төтенше қызметтерге заңды өзгерту қажет – Әшімбаев
-
14:45, 16 сәуір 2026
Құпия орында бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
-
14:24, 16 сәуір 2026
Әке ХҚКО-ға келуі керек пе: баланың тегін өзгерту тәртібі түсіндірілді
-
14:04, 16 сәуір 2026
Төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері Қазақстан президентіне сенім грамоталарын тапсырды





