2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 20 қарашадағы "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Заңда белгіленген тәртіппен 2025 жылы әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 24 ай мерзімге әскери қызметке офицерлік лауазымдарға шақырылсын," — делінген құжатта.
Барлығы 915 адам шақырылады, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары – 700 адам;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131 адам;
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі – 4.
Қаулы 2024 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:34, 25 қараша 2024
Қайтарылған қаражат: Атырау облысында мектеп салу қанша тұрады
-
12:20, 25 қараша 2024
Литвада жүк ұшағы тұрғын үйге құлап, өртеніп кетті
-
12:07, 25 қараша 2024
Шымкентте аялдамаларда электронды кітапхана пайда болды
-
11:55, 25 қараша 2024
Үкімет өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің функцияларын кеңейтті
-
11:47, 25 қараша 2024
Арнайы қызметтерді жалған шақырған павлодарлыққа 110 мың теңге айыппұл салынды