Литвада жүк ұшағы тұрғын үйге құлап, өртеніп кетті

12:20, 25 қараша 2024

© Сурет: pixabay

2024 жылдың 25 қарашасына қараған түні Вильнюсте жүк ұшағы әуежай маңындағы екі қабатты тұрғын үйге құлап, өртеніп кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта төрт адам болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежай әкімшілігі апат таңертең Жирню көшесінде болғанын атап өтті.

"Германияның Лейпциг қаласынан Вильнюс әуежайына ұшатын DHL жүк ұшағы Лиепкальнисте сағат 05:30 шамасында апатқа ұшырады. Нысанда қалалық қызметтер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта әуежайдың жұмысы үзіліссіз", — делінген әуежай хабарламасында.

Сондай-ақ, Delfi басылымының ақпаратына сәйкес, төтенше жағдайлар қызметкерлері ұшқышты құтқара алды. Екі зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, олардың бірі қайтыс болды.