Шымкентте аялдамаларда электронды кітапхана пайда болды
© Фото: unsplash
Шымкент қаласының тұрғындары енді шығарма оқу үшін кітапханаға барып уақыт жоғалтпайды. Мегаполистегі адам көп жиналатын орындар мен аялдамаларда QR коды бар электронды кітапханалар пайда болды.
Енді аялдамаға ілінген QR коды бар электронды стендтер арқылы автобуста немесе ауладағы орындықта тынығып отырып та кітап оқуға болады. Бұл уақытын тиімді пайдаланғысы келетін оқырмандар үшін ыңғайлы әрі оңай, деп жазады qazaqstan.tv.
"Осы жылғы менің ең тамаша жаңалығым осы QR арқылы кітапхана болды. Себебі, автобуста уақытымызды тиімді пайдалануымыз керек. Және де өзімізді рухани жағынан дамытамыз. Өзім осыдан бір кітап ашып көрдім. Оқылады екен."Жазира Нысанбай, студент
Электронды жүйенің тағы бір тиімді тұсы оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын бағамдап, сұранысқа ие шығармалардың рейтингісін жасауға болады. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері көркем туынды неше рет жүктеліп, оқылғандығын да біліп отырады.
"Бұл жерде жергілікті қаламгерлердің авторлық құқығы сақталған шығармаларын және де өлкетану бойынша біздің сирек кездесетін кітаптарымыз осы QR коды арқылы оқу мүмкіндігіне ие болған." Әйгерім Алдабергенова, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының сектор меңгерушісі
Мұнан бөлек көше бойларына қойылған кітап пішініндегі QR орындықтар да көпті елең еткізетін дүниеге айналды. Олардың әрбіріне бөлек атау берілген.
Әзірге QR коды бар электронды кітапхана сөрелері жоғары оқу орындарының төңірегі және халық көп жиналатын демалыс аймақтарының маңына жасақталуда. Болашақта шаһардың барлық аумағында пайда болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:31, 25 қараша 2024
Полиция алимент төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді ұстады
-
14:23, 25 қараша 2024
Еліміздегі мұнай қанша жылға жетеді
-
14:10, 25 қараша 2024
25 мыңға жуық алматылықтар орталық сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосылатын болады
-
13:57, 25 қараша 2024
Сәтқалиев: Елімізде мұнай өндіру айтарлықтай төмендеді
-
13:46, 25 қараша 2024
Астананың жаңа ауданында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы құрылды