2026 жылы алматылықтардың еміне қанша ақша бөлінді

22:29, 5 қаңтар 2026

© Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

2026 жылы алматылықтардың денсаулығына МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша 165 млрд теңгені қоса алғанда, 367,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл ақпаратпен Zakon.kz сайтына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы бөлісті.

Қор тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакеті құрамына шұғыл және жедел медициналық көмек, айналадағы адамдарға қауіп төндіретін аса қауіпті ауруларды емдеу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар 11 ауру, паллиативтік медициналық көмек және қан препараттарымен қамтамасыз ету кіретінін нақтылайды.

"Бұл медициналық қызметтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға көрсетіледі. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке 202,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді", деп хабарлайды қордың алматылық филиалы.

2026 жылы Алматы қаласы бойынша Медициналық сақтандыру қоры 218 медициналық ұйыммен келісімшарт жасасты. Оның ішінде — 126 мекеме жекеменшікте. Алматылықтар алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 78 ұйымның (емханалардың) біріне тіркеле алады.

2026 жылдың қаңтар айынан бастап әл-ауқаты төмен алматылықтар мен ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын қала әкімдігі төлейтін болды. Бұл шара Алматының 62 мыңнан астам тұрғынын қамтиды.

МӘМС мәртебесін қордың ресми сайты арқылы тексеруге болады: msqory.kz, Telegram-saqtandyrybot боты, сондай-ақ Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және екінші деңгейлі банктер арқылы.

Бұған дейін 2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар көлемі қаншалықты өскенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!