2025 жылғы қаңтар айына Қазақстан Республикасы бойынша ауа райының консультативтік болжамы

14:08, 31 желтоқсан 2024

© Фото: pixabay

Қазақстан Республикасы бойынша қаңтардың бірінші онкүндігінде ауа райын Атлантикалық циклондар қалыптастырады, бұл ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазгидромет РМК дерегінше, солтүстік жартысында және республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы аудандарында бұрқасынмен қар, кейде қатты қар болжанады, елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жылбысқы қар, жаңбыр түрінде күтіледі.

"Қазақстанның басым бөлігінде жел 15-20 м/с-дейін күшейеді, кейде екпіні 23-28 м/с жетеді, елдің солтүстік-батыс жартысында жел 30 м/с дейін және одан да көп болуы ықтимал". Қазгидромет РМК

Қаңтардың бірінші онкүндігінде температуралық фон күтілуде:

  • Қазақстанның батысында түнде -5+2°С-тан -3-12°С-қа дейін, күндіз -3+5°С-тан 0,-8°С-қа дейін ауытқуы;
  • республиканың солтүстік-батысында түнде 0,-7°С-тан -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-тан -8-13°С-қа дейін біртіндеп төмендеу;
  • елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында онкүндіктің басында ауа температурасының түнде -5-13°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -2-8°С-тан -3+2°С-қа дейін аздап жоғарылауы, содан кейін түнде ауа температурасының -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-12°С дейін біртіндеп төмендеуі;
  • елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -8+2°С, күндіз -3+7°С шамасында, содан кейін түнде ауа температурасының -8-15°С, күндіз -3-10°С дейін төмендеуі.

Оңтүстік циклондардың шығуы нәтижесінде ауа температурасы көтерілген кезде бірнеше қарқынды жылу толқындары болжанады:

  • ҚР солтүстік жартысында күндіз -5+2°С дейін,
  • елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында +2+12°С дейін.

Ал солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты бірнеше қарқынды суық толқындар болжанады, бұл күндері ауа температурасы төмендейді:

  • солтүстік жартысында және ҚР орталығында түнде -25-35°С дейін, күндіз -15-25°С дейін,
  • республиканың оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12-22°С дейін, күндіз -3-15°С дейін.
"Қаңтарда екпінді жел, тұман, көктайғақ жиі болжанады",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін жаңа жылдық мереке күндері Астанада қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейтіндігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!