600 жылдық құпия қайта ашылды: Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қабірхана есігі көпшілікке таныстырылды
© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 24 сәуірде "Әзірет Сұлтан" Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақталған қабірхананың оюлы ағаш есігі таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Музей қызметкерлері көпшілікке есікті реставрациялау кезеңдері жайлы әңгімелеп, қалпына келтіру жұмыстарына тоқталды, сонымен қатар есіктегі жазбалардың мағынасын да түсіндірді.
2018 жылдан бері екі жыл жүргізілген ғылыми-зерттеу нәтижесі бойынша XIV ғасырдан сақталып келген қасиетті есік көнеріп, өңі сыр бере бастаған. Соған байланысты 2021 жылы есік қалпына келтіру лабораториясына реставрация-консервация жұмыстары үшін жіберілген болатын. Бұл жоба барысында 3D-сканерлеу, рентгенография және нейтронды томография сияқты заманауи технологиялар қолданылды.
Бес жыл бойғы қайта қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде, есік ғасырлар бойы қордаланып қалған шаң-тозаңнан, зиянкестерден тазартылды. Бұл қасиетті есіктің әлі ұзақ сақталуына сеп болып, осы уақытқа дейінгі белгісіз жазуларды да оқуға мүмкіндік беріп отыр.
Реставрациялаудан өткен қабірхана есігі Түркістанға қайтарылып, "Әзірет Сұлтан" Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығында сирек жәдігерлер музейінің экспозициясына қойылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





