31 желтоқсанда Қазақстанда ең көп неке тіркелген өңірлер белгілі болды

16:00, 8 қаңтар 2026

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 8 қаңтарда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-тың баспасөз қызметі Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда тіркелген некелерге қатысты қызықты статистиканы ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік корпорация өкілдерінің айтуынша, жас жұбайлардың көпшілігі некені тіркеу үшін есте қаларлық әрі әдемі күндерді таңдауды жөн көреді.

"2025 жылғы 31 желтоқсанда еліміз бойынша барлығы 487 неке тіркелді", – делінген КЕАҚ-тың Instagram парақшасында жарияланған хабарламада.

"Азаматтарға арналған үкімет" Жаңа жыл қарсаңында неке ең көп тіркелген бес өңірді атап өтті:

  • Алматы қаласы – 68 жұп;
  • Түркістан облысы – 61 жұп;
  • Астана қаласы – 47 жұп;
  • Жамбыл облысы – 37 жұп;
  • Қарағанды облысы – 30 жұп.
"Күнтізбедегі осындай ерекше даталар отбасын құруды жоспарлаған азаматтар арасында дәстүрлі түрде сұранысқа ие болып қала береді", – деп қосты мемлекеттік корпорация өкілдері.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!