68 жастағы Роза Рымбаева жастық шағын еске алды
© Сурет: Instagram/rozarymbaeva
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева шығармашылық жолының 50 жылдығына арналған мерейтойлық концертінің қарсаңында жанкүйерлерімен архивтік фотосуреттерін бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Instagram желісінде жарияланған қара-ақ түсті суреттерде әншінің жас кезі бейнеленген. Бір фотода ол ақ түсті костюм киіп тұрса, енді бірінде сахнада көңілді би билеп жатыр.

Сурет: Instagram/rozarymbaeva
Суреттердің біріне әнші өз репертуарындағы "Сол бір кездер" әнінің жолын жазып қалдырған. Жанкүйерлері бұл жазбаға жылы лебіздерін білдіріп, өткен күндерді бірге еске алды.
- Роза Қуанышқызы сіздей "Алтын әріппен" жазылған бізде өкінішке орай әзірге әнші жоқ. Қандай да кеш болсын, мерей той болсын сіздің әніңізбен ашылуы тиіс.
- Осы суреті бала кезімізде айнаның алдында тұратын. Айналасын кестелеп, қатырып койған. Қарай беретін едім
- Мені жас күнімнен Роза Рымбаеваға ұқсайсың дейді қазір 63 жастамын әлі қазіргі түріне ұқсатады
- Керемет! Бұрын бұл әннің сөздеріне мән бермеген екенмін. Мағынасы қандай әсерлі, шіркін, жалындаған жастық шақ!
- Роза! Осы әнді орындағанда 88-жылы орнымыздан тұрып билегеніміз есімде. Шыныменен сол кездер қайдаа
- Есімде Роза Рымбаеваның альбомы шығып атағы әлемге танылғаны! Суретіне қарап қатты ұксағым келетін Қандай әдемі деп! "А Розе всего 18" деп жазылған еді
Сондай-ақ фотосуреттер топтамасында өнер иесінің жары, марқұм – Тасқын Оқаповпен бірге түскен сәттері де бар.
Әншінің оқырмандары олардың отбасы өнерлі, үлгі тұтарлық екенін атап өтті.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің әлемдік туры жайлы қызықты мәліметтер жарияланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:02, 9 қаңтар 2026
Медицина саласына бөлінген қаржы үш есе өсті
-
23:20, 8 қаңтар 2026
Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтеді
-
23:07, 8 қаңтар 2026
Қазақстан фристайл-акробатикадан Канадададағы Әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады: нәтижелер
-
22:42, 8 қаңтар 2026
Шаңғымен тұғырдан секіру: қазақстандықтар «Төрт тұғыр турнесінде» қалай өнер көрсетті
-
22:20, 8 қаңтар 2026
Қызылордада екі адамды өлтірді деген күдікпен көршісі ұсталды





