Жазушы Мұрат Бектенов 80 жасқа қараған шағында дүниеден озды
© Сурет: ҚР Жазушылар одағы
Жазушы, белгілі өлкетанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұрат Бектенов 80 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабарды ҚР Жазушылар одағының баспасөз қызметі естіртті.
Мұрат Бектенов – жазушы, журналист, өлкетанушы, Махамбет ауданының Құрметті азаматы.
Ұзақ жылдар бойы журналистика саласында еңбек етіп, туған өлкенің тарихын, мәдени мұрасын, тарихи тұлғаларын зерттеуге және насихаттауға елеулі үлес қосты. Оның шығармашылығы туған жердің өткені мен бүгініне, ел тарихына, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған деректі-танымдық еңбектерімен ерекшеленеді.
Қаламгердің "Қос өзен мұнайшылары" атты кітабында мұнай саласының қалыптасуы мен "қара алтын" өндірушілердің қажырлы еңбегі кеңінен суреттелсе, "Құмаршық" еңбегі Нарын құмындағы ашаршылық жылдарында халықты аман сақтап қалған құмаршық дәнінің тарихи маңызына арналған.
"Көкжалдар айқасы" шығармасында Нарын өңіріндегі аңшылық дәстүрі мен қасқыршылық кәсібінің ерекшеліктері көркем тілмен баяндалады. Ал "Қасиетіңнен айналдым" кітабында туған өлкенің тарихы, ақын-жыраулар мен күйшілердің мұрасы, халық емшілігі туралы құнды деректер топтастырылған.
Сондай-ақ "Айшықты әлем" мен "Қызыл үй – менің мекенім" кітаптары арқылы туған өлкенің шежіресі мен рухани тынысы кеңінен көрініс тапқан. Мұрат Бектеновтің тарихи-танымдық еңбектері Атырау өңірінің өткені мен бүгінін зерделеуге арналған құнды мұра ретінде бағаланып, өлкетану ғылымының дамуына және ұлттық тарихи сананы қалыптастыруға зор үлес қосты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:04, 4 тамыз 2026
Тоқаев Пашинянның қызметіне табыс тіледі
-
17:53, 4 тамыз 2026
Қазақстандықтардың WhatsApp аккаунттары жаппай бұғатталды: не болды
-
17:44, 4 тамыз 2026
Қазақстанға +40°С-қа дейінгі аптап ыстық пен нөсер жаңбыр қатар жетеді
-
17:32, 4 тамыз 2026
Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты
-
17:05, 4 тамыз 2026
Қазақстан күрестен Түркиядағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды





