42500 теңге әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз алуға болады

12:00, 3 сәуір 2020

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ТЖ кезінде азаматтарға берілетін 42500 теңге әлеуметтік төлемақыны ЭЦҚ-сыз алу жолын хабарлайды.

Ол үшін пайдаланушы:

1. eGov порталының алғашқы бетіндегі Сервистер бөлімінен "ТЖ кезінде 42500 теңге төлеу" қызметін таңдаңыз.

2. Жүйеге кіру үшін ұсынылған нұсқалардың ішінен ЖСН мен телефон нөмірін енгізе отырып, "Бір реттік құпия сөзді" таңдаңыз.

3. SMS арқылы келген сандар комбинациясын енгізгеннен кейін, "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.

4. "Өтініміңіздің өңделу үстінде" екені туралы ақпарат көрсетіледі.

5. Нәтижені порталдағы Жеке кабинетіңізден көре аласыз.

Егер жүйе сіздің мобильді азаматтар базасында тіркелмегеніңізді хабарласа, сол бетте көрсетілген сілтеме арқылы тіркелу керек.

Тіркелу не үшін қажет?

Сізге тиесілі әлеуметтік төлемге өзге бiреу ие болмауы үшін Жүйеге телефон нөміріңізді көрсету арқылы өзіңіз екеніңізді растайсыз.

Мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін сізді бейнеқоңырау арқылы ХҚКО операторымен байланыстырады, ол сіздің нөміріңізді базаға енгізеді.

Осыдан кейін, сіз бір реттік құпия сөз арқылы өзіңіз екеніңізді растап, қызметті алу үшін жоғарыда сипатталған қадамдарды орындай аласыз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!