20 мыңнан астам оқушы үй тапсырмасын Қазпошта арқылы алады

09:50, 3 сәуір 2020

ҚР Білім және ғылым министрлігі IV тоқсанды қашықтықтан оқытудың бірнеше нұсқасын ұсынады: радио және теледидар арқылы сабақтар, білім беру Интернет-ресурстарын пайдалану, жекелеген шағын мектептерде дәстүрлі оқу форматы және "Қазпошта" арқылы, деп хабарлайды zakon.kz.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов осы саладағы ынтымақтастық тетіктерін талқылады.

Шалғай ауылдарда тұратын және ғаламтор арқылы оқуға мүмкіндігі жоқ мектеп оқушылары үй тапсырмаларын, сонымен қатар орындаған тапсырмаларын мұғалімдерге жолдап отыруы керек.

Осыған байланысты тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осыған сәйкес алушыларға оқу материалдары "Қазпочта" АҚ пошта бөлімшелері арқылы жеткізіледі. Сонымен қатар, ата-аналарға пошта байланысы үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.

Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқуға мүмкіндігі жоқ мектеп оқушыларының мәліметтерін облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың білім бөлімінің өкілдері береді.

Министрлікте айтылғандай, шалғайдағы ауылдардағы оқушылар барлық санитарлық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес қағаз түрінде тапсырмалар алады.

"Осылайша, пошта қызметі оқытушыдан оқушыға және керісінше оқушыдан оқытушыға оқу материалдарының уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді, - дейді Білім және ғылым министрлігі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!