3 мыңнан астам адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар алды

13:02, 30 қазан 2020
111

3,2 мыңға жуық атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алушысына Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтама (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) шеңберінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар жеткізілді.

Азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға беріледі. Ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап aleumet.egov.kz арқылы «пилоттық» режимде азық-түлік жиынтықтарын ұсыну басталды. 2021 жылдан бастап қызметті 250 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады деп жоспарлануда.

«Пилоттық» жоба аясында әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері әлеуметтік топтама алушыларға электрондық цифрлық қолтаңбаны ресімдеуге көмектеседі, порталмен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреді. Ал әлеуметтік топтама алушылар алғашқы тапсырыстарды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жасайды.

1-3 жастағы балаларға арналған жиынтық. ҚР ЕХӘҚМ

«Бұл өте ыңғайлы, мен интернет арқылы әлеуметтік топтама алуды рәсімдедім, жеткізуші компанияның ең жақын дүкенінде бәрін жинады, маған тек келіп қорапты алып кету керек болды. Мұндай жиынтықтар өте пайдалы, онда балаға пайдалы өнімдер бар, оларды сатып алу әрдайым мүмкін бола бермейді», – деді Петропавл қаласының тұрғыны, әлеуметтік топтаманы алушы 7 баланың анасы Дания Кенжаева.

Әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері қызмет алушылармен ғана емес, жеткізушілермен де жұмыс жүргізеді. Портал арқылы өз тауарлары мен қызметтерін ұсынғысы келетін компаниялар өздерінің сенімділігін растауға және тапсырыстарды мерзімінде орындауға тиіс. Ал жеткізушілердің өздері үшін әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысу – бұл бедел мәселесі.

3-6 жастағы балаларға арналған жиынтық. ҚР ЕХӘҚМ

«Біздің компания бұл жобаны әлеуметтік жауапкершілік аясында жүзеге асырады. Әлеуметтік топтама бойынша жиынтықтарды қалыптастыру үшін барлық өнім сапаны тексерудің бірнеше кезеңінен өтеді: шығару және буып-түю кезіндегі бақылау, мемлекеттік сертификаттау, тарату орталығында тауарларды қабылдау кезінде сапа және жарамдылық мерзімдері бойынша тексеру, алушыларға беру кезінде өнім сапасы мен жиынтықтардың жинақтылығын тексеру. Сондай-ақ біз өнімдерді үй жағдайында сақтау бойынша жадынаманы жасадық және таратамыз», – деп нақтылады жеткізуші компанияның өкілі Әйгерім Сламбекова.

Естеріңізге сала кетейік, азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары бойынша әзірленген және жас санатына байланысты ерекшеленеді: 1 жастан 3 жасқа дейін және 3 жастан 6 жасқа дейін. Мұндай жиынтықтарға 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға гипоаллергенді жеміс пюресі мен жарма, сүт және басқа да өнімдер кіреді. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған жиынтыққа қатты бидайдан жасалған макарон, гематоген, қарақұмық, арпа және басқа да жармалар, табиғи бал кіреді. Азық-түліктен басқа, жиынтықтарда гигиена құралдары – балалар сусабындары, сабын, балаларға арналған кір жуғыш ұнтақ және басқалар болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір