«48 млрд теңгенің рюкзагы». Ажар Ғиният даулы ақпаратқа қатысты түсінік берді
© Сурет: primeminister.kz
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 29 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингі барысында құны 48 млрд теңге болатын фельдшерлік рюкзактардың сатып алынғандығы туралы ақпараттың өздеріне қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл арада рюкзакқа ұқсас мобильді диагностикалық жабдық туралы сөз болып отыр. Хабарлама авторы Қазақстанда осы сөмкені сатып алуға бюджеттен 48 млрд теңге жұмсау жоспарланып отырғанын атап өтеді.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұл жабдықты өңірлердің әкімдіктері сатып алып жатқанын баса атап өтті.
"Бұл біздің отандық өндірушінің парламенттік тыңдалым кезіндегі тұсаукесер рәсімі болатын. Бұл жабдық, нақтысында біздің отандық мамандардың басқа да жасаған дүниелері қолпаштауға тұрарлық, бүгінде кейбір өңірлерде әкімдер бұл жабдықты өздерінің фельдшерлік және акушерлік пункттері үшін сатып алуда", – деді Ажар Ғиният.
Сондай-ақ министр Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарды жарақтандырудың ең төменгі нормативін ғана бекітетінін, ал қосымша жарақтандыруды жергілікті бюджет мүмкіндігіне қарай әкімдіктер алатынын атап өтті.
21 қарашада Денсаулық сақтау министрлігі фельдшерлік сөмкелер бюджет есебінен сатып алынбайтынын айтты. Ведомство таратылатын ақпараттың жалған екенін жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





