Қазақстан авиаотын тапшылығы мәселесін қалай шешеді

13:53, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563286

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 25 тамызда Үкіметтегі брифингте Қазақстанда авиаотын өндірісін арттыру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Энергетика министрлігі қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының қуатын кеңейтуді жоспарлап отыр.

"Павлодар мұнай-химия зауытының қуаты 2,2 млн тоннаға ұлғайтылады. Сондай-ақ Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын екі есе – 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыру көзделген. Бұл бізге қосымша 1 млн тонна авиаотын өндіруге мүмкіндік береді", – деді Ерлан Ақкенженов.

Министрдің айтуынша, жалпы Қазақстан жылына 1,7-1,8 млн тонна авиаотын өндіретін болады.

"Қуаты 10 млн тоннаға дейін жететін төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі күн тәртібінде тұр. Қазір біз бұл мәселені зерттеп жатырмыз. Жаңа зауыт белгілі бір қор қалыптастырып, елімізді авиаотынмен толық қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетке шығуға мүмкіндік береді", – деп толықтырды Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін Энергетика министрі Қазақстанның өзін авиаотынмен толық қамтамасыз ете алмай отырғанын мойындаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!