Қазақстандықтар бензин сапасына жаппай шағымданды – Энергетика министрлігінің түсініктемесі

13:46, 25 тамыз 2026
MKZ: 1563283

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 25 тамызда Үкіметтегі брифингте қазақстандықтардың елімізде өндірілетін бензиннің сапасына қатысты шағымдарына түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазір министрлік бұл мәселені тексеріп жатыр.

"Менің орынбасарым Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасарымен бірге Павлодар мұнай-химия зауытында жүр. Қазір олар бензин өндіру технологиясының ықтимал бұзылуын анықтау мақсатында зерттеу жүргізіп, сынамалар алып жатыр", – деді Ерлан Ақкенженов.

Ол сондай-ақ елімізге бензиннің жаңа партиясы жеткізілетінін хабарлады.

"Жанармай құю станциялары зауытқа, ал зауыт жанармай құю станцияларына шағымданып отыр. Нақтырақ айтқанда, тараптар ықтимал себептерді атауда. Оның нақты себебін біз анықтауымыз керек. Бензиннің жаңа партиялары жолда келе жатыр және олар қысқа мерзімде жеткізілуге тиіс", – деді министр.

Бұған дейін Энергетика министрі Қазақстан өзін авиаотынмен толық қамтамасыз ете алмайтынын мойындаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!