5 маусымдағы саудада доллар сәл қымбаттады

15:54, 5 маусым 2023

© Сурет: pixabay

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,55 теңгеге көтеріліп, 448,71 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 63,04 теңге (-0,05) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 482,16 теңге, рубльді 5,54 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 446,5-450 теңге, еуро 480-484,5 теңге, ресей рублі 5,37-5,61 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 5 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің құны барреліне 77,80 долларға дейін 2,19%-ға өсті.

NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 2,29%-ға өсіп, барреліне 73,38 доллар болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!