7 маусымда Қазақстанның барлық дерлік өңірінде күн ыстық болады

© Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 7 маусымда елдің барлық дерлік өңірінде күн ыстық болатынын болжап, ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада күндіз 36-38 градус ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Семейде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Өскеменде 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 42 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде күндіз 40- 42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық және төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 07 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың бөлігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 07-09 маусымда облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматыда 07-09 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. 07 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауппі сақталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:23, 24 қыркүйек 2023
Іле Алатауында адасып кеткен екі жасөспірім аман-есен табылды
-
17:12, 24 қыркүйек 2023
25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды
-
16:56, 24 қыркүйек 2023
Кентауда мұғалімдер екі ай бойы жалақысыз жұмыс істеп келген
-
16:50, 24 қыркүйек 2023
Діни дәстүршілдік, гуманистік рационализм: Şam театры екінші маусымын «Иран конференциясы» спектаклімен ашады
-
16:07, 24 қыркүйек 2023
Азия ойындарында Қазақстан Париж Олимпиадасының екінші лицензиясына қол жеткізді