1 күн қалды: қазақстандықтар мопедтер туралы маңызды детальді еске түсірді

10:20, 4 сәуір 2025

© Фото: pexels

Бүгін Алматы полиция департаменті мопедті тіркеудің барысы туралы қысқаша мәлімет беріп, азаматтарға да жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 4 сәуіріндегі жағдай бойынша Алматыда тіркелген мопедтердің жалпы саны 8539, оның ішінде 3100 экстерриториалдылық қағидаты бойынша тіркелген.

"Науқанның аяқталуына 1 күн қалғанын естеріңізге саламыз! 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтер айыппұл тұрағына қойылып, олардың иелері ҚР әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады." Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер тіркелуге үлгермегендердің барлығын соңғы минутқа дейін кейінге қалдырмауға шақырады.

Қазақстанда 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопед жүргізушілері қандай бұзушылықтар үшін жазалануы мүмкін екені туралы мына жерден біле аласыздар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!