7 қазандағы саудада доллар бағамы тағы төмендеді

15:57, 7 қазан 2026
MKZ: 1571055

© Фото: pexels

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 7 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 5,6 теңгеге төмендеп, 447,14 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,04 теңгеге төмендеп, 5,22 теңге болды.

Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.

Ақша айырбастау орындарында долларды 447 теңгеден сатып алып, 449 теңгеден сатады. Еуроны сатып алу бағамы – 500,3 теңге, сату бағамы – 505 теңге. Рубльді сатып алу бағамы – 5,07 теңге, сату бағамы – 5,19 теңге.

7 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы өсіп жатыр.

Атап айтқанда, эталондық Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,8%-ға қымбаттап, барреліне 101,39 долларға жетті.

АҚШ-тың WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,7%-ға қымбаттап, барреліне 90,05 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 453,65 теңге, еуроны 509,99 теңге, рубльді 5,31 теңге деңгейінде белгіледі.

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарының 7 қазанның бірінші жартысында шетел валютасын қандай бағамен сатып алып, сатқанын осы жерден көруге болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!