Анна Данилина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті
© Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жұптық сынын сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші айналымда жетінші нөмірмен тіркелген Данилина мен америкалық Дезире Кравчик жапониялық Сюко Аояма мен Қытай Тайбэйінің өкілі Лян Эн-Шоны жеңді. Екі сетке созылған матч қазақстандық-америкалық жұптың пайдасына 6:3, 6:3 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.
Матч барысында Анна мен Дезире бір эйс жасап, екі қос қателік жіберді және 13 брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Ширек финалға шығу үшін олар жаңа зеландиялық Эрин Рутлифф пен индонезиялық Алдила Сутджиадимен кездеседі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:25, 6 қазан 2026
Анарбеков Ұлттар лигасындағы матчта Заруцкийдің орнын басуы мүмкін
-
18:25, 5 қазан 2026
Скатов Шанхайдағы ATP Masters 1000 турнирінің іріктеу финалына шықты
-
17:10, 5 қазан 2026
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлдесіз қалды
-
20:04, 4 қазан 2026
Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
-
16:49, 4 қазан 2026
Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындарының ресми жабылу салтанаты өтті





