30 гектар жер бүлінген: Шығыс Қазақстанда алтын өндіру үшін өзен арнасы өзгертілді
© Сурет: pexels
Шығыс Қазақстан облысында алтынды заңсыз өндіру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Операцияны Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен және мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп жүргізді.
ҚМА баспасөз қызметінің 2026 жылғы 28 шілдедегі мәліметінше, бір топ адам Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылының маңында тиісті рұқсат құжаттарынсыз алтын өндірген.
Тергеу мәліметтері бойынша, заңсыз әрекет қоршаған ортаға елеулі залал келтірген.
"Шамамен 30 гектар аумақта топырақтың құнарлы қабаты жойылып, жер бедерінің табиғи қалпы бұзылған, сондай-ақ өзен арнасы өзгертілген. Құрамында алтыны бар кенді өндіру және өңдеу үшін ауыр техника мен өнеркәсіптік кешендер пайдаланылған. Жұмысқа 30-дан астам адам, оның ішінде Қытай азаматтары тартылған", – делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Тінту кезінде құқық қорғау органдары жүк көтергіштігі 40 тонна болатын алты самосвалды, төрт шынжыр табанды экскаваторды, бір фронталды тиегішті, сондай-ақ құрамында алтыны бар кенді өндіруге және жууға арналған екі өнеркәсіптік кешенді тәркіледі.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Өкінішке қарай, бұл елімізде пайдалы қазбаларды қоршаған ортаға келетін зардапқа қарамастан өндірудің алғашқы дерегі емес. 2026 жылғы 21 шілдеде ҚМА Қазақстандағы ірі өзендердің бірін 719 млн теңгенің құмын өндіру үшін карьерге айналдырғандар туралы хабарлаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 28 шілде 2026
2026 жылы инженерлік желілерді жөндеуге 1 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалады
-
12:51, 28 шілде 2026
28 шілдеде Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы
-
12:43, 28 шілде 2026
Жаңаарқадағы спартакиадада тәртіп бұзғандарды полиция жауапқа тартты
-
12:30, 28 шілде 2026
«Әркім заң алдында жауап береді»: ІІМ заң бұзған блогерлердің аты-жөнін жариялайтынын мәлімдеді
-
12:27, 28 шілде 2026
Астанада марғау бейнеленген ерекше мурал пайда болды





