2026 жылы инженерлік желілерді жөндеуге 1 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалады

13:04, 28 шілде 2026
MKZ: 1558393

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

2026 жылғы 28 шілдеде өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бөлініп жатқан қаржы көлемі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға арналған ұлттық жобаның іске асырылуы арнайы электрондық платформа арқылы бақыланады.

"Бұл платформада жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңі нақты уақыт режимінде және ашық форматта көрсетіледі. Сондай-ақ платформа аясында негізгі бизнес-процестердің барлығы цифрландырылған. 2025 жылы 547 млрд теңге көлеміндегі қаржы есебінен 6,6 мың шақырым инженерлік желі жөнделді. Сонымен қатар жоғары тәуекел аймағында болған сегіз кәсіпорын бұл санаттан шығарылды", – деді Асан Дарбаев.

Вице-министрдің мәліметінше, 2026 жылы жалпы ұзындығы 12 мың шақырым инженерлік желіні жөндеу жоспарланған. Бұл мақсатқа 1 трлн 138 млрд теңге бөлінеді.

"Оның ішінде 759 млрд теңге құрылыс-монтаж жұмыстарына бағытталды. Ал құны 379 млрд теңгені құрайтын, EPC-мердігерлері анықталған жобалар бойынша қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, отандық тауар өндірушілерден қажетті материалдарды сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 2026 жылдың қорытындысы бойынша тозу деңгейі аса жоғары санатқа жататын тағы сегіз кәсіпорынды орташа тозу деңгейі бар нысандар санатына шығару жоспарланып отыр".Асан Дарбаев

Бұған дейін Еңбек министрлігі ауқымды тексерулерден кейін жасөспірімдердің ата-аналарына үндеу жасағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!