200-ден астам компания суперкомпьютерге қол жеткізеді – Цифрлық даму министрлігі
© Сурет: unsplash
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун 2026 жылғы 23 қаңтарда ОКҚ өткен брифингте мемлекеттік органдардың, жеке компаниялардың және квазимемлекеттік сектордың суперкомпьютерді пайдалану мүмкіндіктері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, бүгінде барлық мемлекеттік орган суперкомпьютерді қолданып отыр.
"Суперкомпьютерді жеңіл пайдалану және мемлекеттік органдардың түпкілікті өнімдер әзірлеуі үшін арнайы қызметтер ұсынылды. Егер әрбір мемлекеттік орган жеке-жеке компьютер сатып алып, бағдарламашыларды жалдаса, бұл әлдеқайда қымбат әрі ұзақ болар еді. Қазіргі таңда оқыту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Ұлттық жасанды интеллект платформасы арқылы 7,8 мыңнан астам мемлекеттік қызметші суперкомпьютерді пайдаланып отыр", – деді вице-министр.
Сондай-ақ ол жеке компаниялар мен квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігі туралы мәлімет берді.
"Бізде екі суперкомпьютер бар. Соның бірін "Қазақтелеком" іске қосты. Оған "Самұрық-Қазына" қорының барлық ұлттық компаниялары қол жеткізе алады. Жақын арада 200-ден астам компанияға қолжетімділік беріледі. Жеке компаниялар үшін де бұл қызметтер белгіленген тарифтер бойынша ұсынылады", – деп толықтырды Дмитрий Мун.
Бұған дейін екі суперкомпьютердің арқасында Қазақстан әлемдегі ақпараттық технологиялар саласында алдыңғы 30 елдің қатарына енгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:04, 23 қаңтар 2026
Алматыдағы №1 қалалық перзентхана ғимараты толықтай бұзылды: себебі не
-
17:48, 23 қаңтар 2026
Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты
-
17:38, 23 қаңтар 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 24 және 25 қаңтар
-
17:26, 23 қаңтар 2026
Ақмола облысында заңсыз фитозертхана анықталды: 70 түп қарасора тәркіленді
-
17:21, 23 қаңтар 2026
Қазақстан қыздар құрамасы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді





