-23°C аяз болады: Алматы қаласы бойынша келесі аптаға арналған ауа райы болмажы
© Сурет: pexels
Синоптиктер Zakon.kz редакциясына алдағы аптаға қатысты ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, Алматыда аязды күндер басталып, қар жауады.
"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 9-15 желтоқсан аралығында оңтүстік елорда тұрғындары мен қонақтарына қатты суыққа дайын болу керекгітін ескертеді, мәселен түнде сынап бағаны -23 градусқа дейін төмендейді. Күндіз де сынап бағаны -15...-20°C көрсетеді. Тұман, жауын-шашын болады деп күтіледі.
9 желтоқсан: аспан бұлтты, аракідік қар жауып, тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Түнде және күндіз ауа температурасы: -5...-7°C.
10 желтоқсан: аспан бұлтты, түнде қар жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -9...-11°C, күндіз: -6...-8°C.
11 желтоқсан: аспан бұлтты, күндіз қар жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -9...-11°C, күндіз: -5...-7°C.
12 желтоқсан: аспан бұлтты, қар жауады, тұман болады. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -15...-17°C, күндіз: -8...-10°C.
13 желтоқсан: аспан бұлтты, түнде қар жауады, тұман болады. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -20...-22°C, күндіз: -13...-15°C.
14 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -21...-23°C, күндіз: -18...-20°C.
15 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -18...-20°C, күндіз: -15...-17°C.
Бұған дейін синоптиктер демалыс күндері Қазақстанның басым өңірінде қатты аяз болатынын болжаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





