«25 алтын медаль...». Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орында тұр. 4 қыркүйектегі жағдай бойынша, ел спортшылары 55 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда Қазақстан құрамасы еншісінде 25 алтын, 13 күміс және 17 қола медаль бар.
Екінші орында Қырғызстан құрамасы келеді. Қырғыз спортшыларының қоржынында 58 медаль бар: 23 алтын, 24 күміс және 11 қола.
Үшінші орынды Ресей құрамасы (4 алтын, 6 күміс және 13 қола) иеленіп отыр.
"Қазіргі уақытта Қазақстан өкілдері Ойындар бағдарламасына енгізілген 42 спорт түрінің 31-і бойынша жарыстарға қатысып үлгерді. Қазақстандық спортшылар аударыспақ, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, самбо, арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, ат жарыстары, құсбегілік және басқа да спорт түрлерінен жүлдеге ие болды. Жарыстар әлі де жалғасып жатқандықтан, командалардың медаль есебіндегі орындары өзгеруі мүмкін. Қазақстан спортшылары әлі де 11 спорт түрі бойынша сынға түседі.VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 113 елінен шамамен 3 мың спортшы қатысып жатыр", делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы жарыстың үшінші күнінде 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:23, 4 қыркүйек 2026
Алматыда полицейдің қытығына тиген ер адам қамауға алынды
-
20:58, 4 қыркүйек 2026
Ақтөбеде сарбаздың таяққа жығылуы: Ұлттық ұлан не дейді
-
20:46, 4 қыркүйек 2026
«Шаңды дауыл соғады». Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:11, 4 қыркүйек 2026
«Дала күні – 2026»: Сыр өңірінде күрішке орақ түсті
-
19:48, 4 қыркүйек 2026
Прокуратура тексерісінен кейін әкімнің орынбасары мен тағы 9 шенеунік жазаланды





