Сен сияқты мені ешкім еркелетіп...
«Сен сияқты мені ешкім еркелетіп,
Сен сияқты мені ешкім түсінбеген»
Иә, бір-бірін еркелетіп сүйген ғашықтардың махаббаттары да ерекше болатын шығар. Көшеде жүргенде тәтті сезімнің құшағында жүрген жұптарды байқасаңыз қылықтары қызықты көрінеді. Бір-біріне балмұздақ жағып, бір-бірін қуаласып ойнап жүргендерді көруіңіз мүмкін. Ал кейбірі тіптен салмақты. Яғни, артық қимыл жоқ, бір ізбен барып, бір ізбен қайтады. Бірінші аталған топтағы ғашықтарға не әсер етуі мүмкін?
Алдымен, жас. Жас ерекшеліктің бұл психологиясы да маңызды. Егер қыз жігіттен кіші болса, бұл еркелік орынды. Тіпті, жастары шамалас жұп та бір-біріне деген сезімдерін еркелеп жеткізеді. Достықтан пайда болған махаббатта да еркеліктің желі есіп тұрады. Бір-бірін бала кезден танитын ғашықтар бұл қылықтарын есейгенде де жасырып қалуы мүмкін емес.
Екінші фактор – мінез. Жігіт салмақты болса, ғашығы үйдің сүт кенжесі дейік. Үйден еркелікке «батып» өскен қыздың қай ортада да ерке болатыны сөзсіз. Ақылды еркесін жігіт қауымы «кішкентайым», «еркем» деп еркелетіп жүреді.
Үшінші фактор – орта. Салмақты ортада жүрген ғашықтар өздерін барынша қай жерде де түзу ұстайды. Олар өздеріне ғана мәлім еркелікті бәз біреулерге көрсете бергісі келмейді.
Тәтті қылығымен жанын қытықтайтын ханшайымдарының еркелігін көтере білген ханзадалардың да сабыры мықты болады дейді психологтар. Мұндай жігіттердің көбі «ғашығыңыз ерке ғой» десе, «ол осы қылығымен мені баурап алды ғой» деп жауап береді екен.
Ендігі бір сұрақ бұл еркеліктің «жарамдылық мерзімі» бар ма? Яғни, отбасы болып шаңырақ құрған кезде сананы тұрмыс билеп, еркеліктің орнын әлдеқандай сезім басып кетпей ме?
Бірінші фактор бойынша сөйлесек. Жас ерекшелік психологиясы жылдың өтуіне орай өзгереді екен. Өйткені, сәбидің еркелігін қызықтайтын шақ туады.
Көп қыздың мінезі өзгере бермейді. Өзгерткісі келетіндер ғана еркелігінен «құтыла» алады. Егер «жарым осы қылығымды ұнатты ғой» десе, қылығымен ерін қуанта да алады, сәбиіне де жылуын бере алады.
Ал, ортасына байланысты айтатын болсақ, ортаға бейімделгіш қыздар еркелігін үлкен өмірге қадам басқанда өзгертуі мүмкін. Өзі өскен ортадан «үлкен» ортаға сіңісіп кетудің оңай еместігі белгілі. Еркелеп жүріп, бәрінің көңілінен шыға білсе, құба-құп.
Ғашығының шамына тимей орнымен еркелеген қыздар ақылды ерке болары сөзсіз. Ал сіз қандай еркесіз?
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:22, 14 қараша 2024
Дүкен сөрелеріндегі сүт өнімдері: сапа мен қауіпсіздік туралы не білу керек
-
15:00, 14 қараша 2024
Сусын ішпес бұрын, алдымен онымен «танысыңыз» - сарапшылар кеңесі
-
20:39, 11 қараша 2024
Абайлаңыз, кеспе! Корей және қытай тағам өндірушілерінің өнімдерін қалай дұрыс таңдауға болады?
-
14:11, 8 қараша 2024
Биыл планетадағы ауа температурасы 1,5 градусқа жоғарылаған
-
09:48, 1 қараша 2024
Ұйқының оңтайлы уақыты анықталды