Кезекті магниттік дауылдар қашан күтіледі - ғалымдардың болжамы
© Сурет: xras.ru
2025 жылғы 9 қарашада Ресей Ғылым академиясының Кеңістік зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы алдағы аптаның ортасына дейінгі Күн белсенділігінің Жерге әсері жөнінде жаңа болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Есептеулерге сәйкес, алдағы күндері Жерге Күннен шыққан екі плазмалық ағын жақындайды: бірі – орташа қуатты жарқылдан, екіншісі – Күндегі соңғы X-класс жарқылынан пайда болған.
Бірінші плазмалық бұлт 7 қарашада тіркелген M1.7 класты жарқылмен байланысты. Ол кезде ғалымдар рекордтық магниттік дауыл күткендіктен, бұл оқиға елеусіз қалған. Алайда қазір оның әсері байқалуы мүмкін. Бұл G2 деңгейіндегі орташа магниттік дауыл туғызуы ықтимал, оның белгілері ертеңнің бірінші жартысында сезілуі мүмкін.
Негізгі соққыны тудыратын X-класс жарқылының плазмалық шығуы, алдын ала болжам бойынша, Жерге тікелей әсер етпейді. Ғалымдардың есебінше, плазма бұлтының ең тығыз бөлігі планетаның экваторынан сәл солтүстікке қарай өтеді, сондықтан геомагниттік белсенділік G2–G3 деңгейінен аспайды.
Мамандардың айтуынша, бұл – салыстырмалы түрде қолайлы жағдай:
"G2 деңгейіндегі дауыл – бұл төтенше құбылыс, бірақ ол Күн дискісінің ортасынан шыққан тікелей соққылар кезінде байқалатын G4 деңгейіндегі дауылға қарағанда әлдеқайда жеңіл өтеді", – дейді ғалымдар.
Болжам бойынша, негізгі плазмалық ағын Жерге сейсенбі күні кешке жетеді. Ал геомагниттік әсердің нақты параметрлері ғарыштық обсерваториялардан келіп түскен жаңа деректер бойынша нақтыланатын болады.
Бұған дейін жазғанымыздай, ғалымдар Жерге бағытталып келе жатқан 3І/ATLAS жұлдызаралық кометасының сигналын қабылдаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:21, 14 қазан 2026
16 жасқа дейінгі балалардың WhatsApp пен Telegram қолдануына шектеу қойыла ма
-
13:34, 9 қазан 2026
Ай шын мәнінде қай елдерге тиесілі екені белгілі болды
-
12:34, 4 қазан 2026
Ғалымдар ұйқы қандай жағдайда өмірге қауіпті екенін анықтады
-
16:36, 17 қыркүйек 2026
Мумия қалдықтарының жасырын қаупі анықталды
-
13:21, 16 қыркүйек 2026
Өкпе ауруын емдеуге арналған дәрі қартаю белгілерін азайтқан





