Пайдалы жемістер

22:04, 25 мамыр 2017

Қаражидек

Бұл жидектің басты ерекшелігі – жидекке қою қошқыл түс беретін бір топ флавоноидтардың болуы. Бұл заттектер ағзаның қартаюының алдын алады. Флавоноид танин ішек бұзылуын тоқтатып, ішек инфекциясын жояды, ағзадан ауыр металлдарды шығарады. Қан тамырларының иілгіштігін арттырып, қабырғаларын қатайтады, аллергияның алдын алады. Қан тамырларына жақсы әсер ететіндіктен көз көру қабілетін жақсартады, шаршағандығын басады. Осы маусымда қаражидек шырынын ішкен пайдалы. Одан компот, тосап, джем, морс дайындап, пирог әзірлеу қажет.

 

Таңқурай

Таңқурайда бағалы биологиялық белсенді заттар көп. Ол С, А, Е, РР және В2 дәрумендеріне бай, яғни терінің реңін келтіріп, келбетті келтіреді. Ол холестерин деңгейін түсіріп, майдың қортылуын қамтамасыз етеді. Артық салмақтан арылғысы келетіндерге де көмегі зор, өйткені, таңқурай метоболизмді жақсартады. Таңқурайдың қайнатылғанда да, тоңазытылғанда да пайдалы қасиеті сақталады. Ал суық тигенде таңқурай тосабының ыстықты бірден түсіретінін бірі білсе, бірі білмейді.

 

Шабдалы

Шабдалы – денсаулық пен сұлулықтың қайнар көзі. Құрамындағы магний күйзелісті жеңіп, темір анемияның алдын алады. Ал шабдалыда калийдің көп болғандығынан аритмия кезінде өте пайдалы.Сонымен қатар, осы маусымдағы шабдалы С және В, Е, К, РР топтарының дәрумендеріне және каротинге бай. Шабдалыны жиі тұтыну арқылы көз көру қабілетін жақсартып, терінің денсаулығын қалпына келтіруге болады. Тері жасушасындығы сұйықтықтың негізінен бетке әжім түсудің алдын алып, ас қорытуды жақсартады.

 

Ескерту: Шабдалы қарайып кетпес үшін тұтынар алдында ғана тураған жөн. Егер жеміс қатты болса, бір-екі күн бөлме температурасында ұстай тұрыңыз.

 

Шие

Шие маусымы ұзаққа созылмайды, сондықтан, оның ерекше қышқыл дәміне уызыңызды қандырып және пайдасын көріп үлгеріңіз. Ол ас қорытуды жақсартып, қатайтатын күшке ие. Жеміс құрамындағы органикалық қышқылдар, каротин, С дәрумені, фолий қышқылы мен қызыл пигмент антиоксидант ретінде жұмыс істейді. Бар-жоғы 35 шие аспириннен тиімді әсер етеді. Ал, шиедегі перилл спирті кеуде обырының алдын алады екен.

 

Дереккөз: anabol.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!