Пабло Пикассоның қанатты сөздері

Пабло Пикассо – XX ғасырдың ұлы суретшілерінің бірі. Оның "Кездесу" (1902), "Өмір" (1903), "Соқырдың таңғы асы" (1903), "Ана мен бала" (1903), "Кедей қария мен бала", "Үтікші әйел" (1904) картиналарын әлем жұртшылығы жақсы біледі. Ол бұл картиналары арқылы қоғамның төменгі топтарын көрсетіп, оларға үміт сыйлауды мақсат тұтқан. Суретшінің суреткерлікке қатысты қанатты сөздерін оқи отырыңыздар.
***
Қиялыңда елестете алғанның бәрі рас.
***
Махаббат – адамды қайта қалпына келтіруші сезім.
***
Жақсы суретшілер көшіреді, ал ұлы суретшілер ұрлайды.
***
Егер шындық біреу болғанда, мен бір тақырып төңірегінде жүздеген сурет сала алмас едім.
***
Көбелектің сұлулығын сезінгің келсе, оған қол тигізбе.
***
Әр бала – суретші. Қиыны – балалық шақтан ересектікке өткенде суретші боп қалу.
***
Бәрі суретті түсінуге тырысады. Неге олар құстардың шиқылын ұғуға тырыспайды?!
***
Сурет салу үшін көзіңді жұмып ән салу керек.
***
Суретшілік – соқырлардың жұмысы. Суретші көргенін емес, сезінгенін бейнелейді.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:18, 28 сәуір 2025
Телефондағы деректердің ұрлануынан қалай қорғануға болады - үздік 3 кеңес
-
19:42, 12 наурыз 2025
TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін жаңа функцияларды іске қосады
-
11:04, 19 ақпан 2025
Telegram-да жаңа функция пайда болады
-
13:51, 15 қаңтар 2025
WhatsApp-та 4 бірдей жаңа функция пайда болды
-
16:24, 30 желтоқсан 2024
Жаңа жыл күні жерде магниттік дауыл болады