Әр елдің салты басқа...
Тәртіп және этикет – күрделі ғылым. Бұл тұрғыда үйге кірерде амандасуды немесе қай салатты қай шанышқымен жеуді ғана білу аздық етеді. Бір елдегі сыпайылық белгісі басқа елдерде өрескелдік саналуы болуы мүмкін. Сол себепті келесі жағдайларды біліп жүргеніміз ләзім.
Түкірік – құрмет белгісі. Қағидаға сай, орынсыз түкіру әдептілік белгісі емес. Әлдекімнің маңайына түкіру тіпті, оны қорлаумен тең болып есептеледі. Ал АҚШ-та түкіру – полицей қызметкеріне шабуыл жасау болып саналады. Масайлар ұрпағы Орталық Шығыс Африкада түкіруге мүлдем басқаша қарайды. Олар қол алысып амандасар алдында және амандасқаннан кейін алақандарына түкіреді. Ол жақта сыпайы балалар үлкендерден қою түкірікті қыңқ демей қабыл алады, себебі ол үлкендердің балаға ұзақ ғұмыр тілеуімен пара-пар.
Гүлдер – әрдайым әмбебап сыйлық емес. Гүлдерді әдетте алғашқы кездесуге, мектеп бітіру кешінде, үйлену тойында да сыйлап жатады. Бір шоқ гүл сауығып кету не кешірім сұрау белгісінде де жүреді. Адамды соңғы сапарға да гүлмен шығарып салып жатады. Бірақ кейбір мәдениетті елдерде гүл – құрметсіздік белгісі.
Хризантема, гладиолус, лала гүлдері секілді ақ түсті гүлдер қазалы жағдайды білдіргендіктен, көп елдерде жаназаға қолданылады. Германия мен Францияда қалампырмен табытты көмкереді. Егер біреуге Францияда қалампырды не Қытайда ақ түсті гүлді сыйласаң, өлім тілеумен тең. Сары түсті гүлдер орыс халқы үшін ұрыс-керіс шақырады, Иранда да жағымсыз қарым-қатынасқа әкеледі. Ал Италия мен Бразилияда күлгін түсті гүлдер – сәтсіздік. Германия мен Италияда қызыл түсті гүлдер, әсіресе раушандар – романтикалық арақатынас туғызады. ЧехРеспубликасында гүлдер толығымен романтикалық сыйлық болып саналады.
Жалғасы бар..
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:48, 10 желтоқсан 2021
Суықта ағзаға қуат беретін 8 азық-түлік аталды
-
23:00, 8 желтоқсан 2021
Диетолог танымал екі салаттың құрамын өзгертуді ұсынады
-
19:39, 7 желтоқсан 2021
Шығыс жұлдызнамашылары 2022 жыл кімдерге сәттілік әкелетінін айтты
-
15:30, 13 қаңтар 2020
Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?
-
10:52, 23 шілде 2018
Ғалымдар тіс пастасының зиян екенін хабарлады