Дархан Молдаханов Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды
© Сурет: ашық дереккөз
Дархан Молдаханов ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция полковнигі ішкі істер органдары жүйесінде мол тәжірибеге және басқарушылық қабілетке ие. Бұған дейін ол аталған департаментті басқарған, кейін комитет болып қайта құрылды.
ІІМ басшысы Ержан Сәденов Дархан Молдахановтың кәсіби біліктілігі мен басқарушылық қасиеттерін атап өтіп, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Дархан Молдаханов 1973 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, кейін Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясын және Қайнар академиясын (Алматы қаласы) тәмамдаған.
1991 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет атқарады.
2015 жылдан бастап ҚР ІІМ-нің дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирі қызметін атқарған.
2019 жылдан бері "ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы" ММ бастығы болды.
2020 жылғы желтоқсан айынан бастап ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау департаментінің бастығы қызметін атқарған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:11, 21 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
-
16:41, 21 ақпан 2026
Қазақстандық үш гимнаст Германиядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
-
15:30, 21 ақпан 2026
Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды
-
15:01, 21 ақпан 2026
Тоқаевқа Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары түсіп жатыр
-
14:40, 21 ақпан 2026
Қазақстанда кейінгі он күнде қар құрсауынан 145 адам құтқарылды





