Абай облысында ТЖМ авиациясы жоғалған адамдарды табуға көмектесті
© Сурет: видео скрині
Бүгін таңертең ТЖД-не Көкпекті ауданының Биғаш ауылындағы "Арқалық" шаруа қожалығынан 19 ақпанда шамамен сағат 11:00-де үш ер адамның жылқы іздеуге шығып, байланысқа шықпай қалғаны туралы хабарлама түсті. Олардың нақты қай жерде екені белгісіз болды, ұялы телефондары сөндірулі болған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылды. Іздеу аймағы күрделі, таулы аймақ болғандықтан, ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 тікұшағын көтеру туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар іздеу жұмыстарына жол талғамайтын көлік пен ұшқышсыз ұшу аппараты тартылып, қолжетімсіз аумақтарды жедел тексеруге мүмкіндік берді.
Екі сағаттық ұшудан кейін Биғаш ауылынан 3 шақырым жерде 1984, 1979 және 2003 жылы туған үш ер адам табылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:30, 21 ақпан 2026
Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды
-
15:01, 21 ақпан 2026
Тоқаевқа Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары түсіп жатыр
-
14:40, 21 ақпан 2026
Қазақстанда кейінгі он күнде қар құрсауынан 145 адам құтқарылды
-
13:37, 21 ақпан 2026
Қазақстандық бітімгерлер мінсіз қызметі үшін БҰҰ медальдарымен марапатталды
-
13:05, 21 ақпан 2026
«Қайрат» жанкүйерлерін Орталық стадиондағы ашық жаттығуға шақырды





