Адам көркі - шүберек
Назарларыңызда киім-кешек жайлы қызықты деректер топтамасы.
Свитердің атауы ағылшынның "Sweat" - терлеу деген сөзінен шыққан.
Корея - қызықтарға толы ел. Мысалға онда 20 ғасырдың басына дейін әйелдер күнделікті кеудесі жалаң киімдер ғана киетін.
Ертеректе шалбар екі бөліктен тұратын гардероб бұйымы еді. Олар екі аяққа бөлек-бөлек киіліп, ортасынан түймеленетін.
Бүгінгі таңда әлемдегі ең қымбат көйлек 12 миллион долларға бағаланған. Көйлек 150 карат бриллантпен әшекейленген.
Той көйлегі десе, көз алдымызға қардай аппақ, нәзік, етегі ұзын көйлек келеді. Алайда соңғы кезде кең тараған қысқа той көйлектері алғашында АҚШ-та пайда болған. Ал олар бұл ойды жергілікті үндістерден алған екен.

Өлім мен жерлеу көп елде қара түспен байланыстырылады. Сондықтан жерлеу рәсіміне қара түс киіп бару дәстүрге арналған. Ал Амазонкадағы кейбір тайпалар жерлеуге тек ақ түс киеді. Олардың сенуінше, өлім - адамның туылуынан да маңызды сәт.
Мадагаскарда ондаған жұмыскерлер 4 жыл бойы өрмекшілерді ұстап, олардың өрмегінен жіп түткен. Осы уақыт бойы олар 3 шаршы метр ғана болған мата тіге алды. Бұл - әлемдегі жалғыз өрмекшінің жібінен тігілген мата кесегі. Қазірде ол мұражайда сақтаулы.

Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 12 ақпан 2026
Booking платформасы әлемдегі ең қонақжай қалалардың тізімін жасады
-
14:33, 21 қаңтар 2026
Дене салмағының қалыпты деңгейі қатерлі ісік қаупін азайтады - дәрігер кеңесі
-
12:06, 20 қаңтар 2026
Археологтар 40 мың жыл бұрынғы құпия үңгірді тапты
-
13:42, 16 қаңтар 2026
Үнді мұхитынан жыланның жаңа түрі табылды
-
12:25, 15 қаңтар 2026
Лох-Несс құбыжығын іздеген зерттеуші 52 жылдық ізденістен кейін мәлімдеме жасады





