Бибісара Асаубаева Кипрдегі турнирде қатарынан екі рет жеңілді

11:43, 5 сәуір 2026

© Сурет: Instagram/fide_chess

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрде өтіп жатқан турнирде қатарынан екінші рет жеңіліс тапты. Алтыншы турда 22 жастағы қазақстандық спортшы үндістандық Дивья Дешмухқа есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz-тің жазуынша, қазақстандық шахматшы жарыста қатарынан екінші жеңілісіне ұшырап отыр. Бір күн бұрын ол ресейлік Екатерина Лагнодан жеңілген еді.

Алты тур қорытындысы бойынша Асаубаеваның еншісінде бір жеңіс, үш тең ойын және екі жеңіліс бар – 2,5 ұпай. Ол қытайлық Тань Чжунъимен бірге 7-8-орындарды бөлісіп тұр.

Көш басына украиналық Анна Музычук шықты. Ол Чжу Цзиньэрді жеңіп, төрт ұпай жинады. 5 сәуір күні Музычук Асаубаевамен кездеседі.

Турнир айналмалы жүйе бойынша өтіп жатыр, оған сегіз шахматшы қатысады: әрқайсысы әр қарсыласымен екі партиядан өткізеді. Жеңімпаз қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен әлемдік тәж үшін ойнайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!