7 саны туралы мақал-мәтелдер
1. Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.
2. Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.
3. Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.
4. Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл,
Құлағы мен жағын жер.
5. Жігітке жеті өнер де аз.
6. Қарғыс жеті атаға жетеді.
7. Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.
8. Жетім бала жеті күлшеге тоймас.
9. Кедейдің жеті қаңтары бар.
10. Жетімге жеті бидай да тамақ.
11. Жетімнің қарны жетеу
12. Айла алтау, ақыл жетеу.
13. Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.
14. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.
15. Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.
16. Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,
Жетеумін деме, сегізге жолығасың.
17. Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.
18. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
19. Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,
Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.
20. Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 19 қараша 2025
Маман ұйқы мен қан қысымын не байланыстыратынын айтты
-
09:36, 14 қараша 2025
Биологтар миы бүкіл денесіне таралған теңіз жануарын анықтады
-
15:39, 11 қараша 2025
Жерге қуаты күшті магниттік дауылдар жақындап келеді
-
13:37, 10 қараша 2025
Кезекті магниттік дауылдар қашан күтіледі - ғалымдардың болжамы
-
11:53, 10 қараша 2025
Археологтар «ақырзамандық шайқас» болған жерді зерттеп көрді





