Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың онлайн-конференциясы

10:55, 22 ақпан 2018

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылғы 22 ақпанда сағат 10:00-де Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың онлайн-конференциясы басталды.

Үш сағат бойы онлайн режимде Қазақстандықтар Ұлттық банктің қызметі,
жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты, қаржылық қызметтер саласындағы құқықтарды қорғау туралы сұрақтарға және басқа да көптеген сұрақтарға жауап ала алады.

Сіздер сұрақтарды «ҚҰБ төрағасы Д.Т. Ақышевтың онлайн-конференциясы» арнайы бөлімінде ҚҰБ Online қосымшасы арқылы; ақпараттық әріптес – «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің сайтында; сондай-ақ Қазақстан Ұлттық банкінің Facebook, Instagram ресми парақтарында, онлайн-конференциясының аңдатпаларына түсініктемелерде бере аласыздар.

Егер сіз әлі «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасының пайдаланушысы
болмасаңыз, оның App Store және Play Market дүкендерінде тиісінше iOS және Android
платформаларында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жүктеу үшін қолжетімді екендігін хабарлаймыз.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!