Ұлттық банк қаржы ұйымдарына 40 млн теңге айыппұл салды

16:52, 2 тамыз 2018

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылғы бірінші жартыжылдығында қаржы ұйымдары 40,05 млн теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі 160 шектеулі ықпал ету шарасын қолданды, оның ішінде:

– айыппұлдар салу және өндіріп алу түріндегі 47 санкция;

– 113 шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде 102 жазбаша ұйғарым және 11 жазбаша ескерту.

Қаржы секторы бойынша:

Екінші деңгейдегі банктер – 129 (42 айыппұл, 78 жазбаша ұйғарым, 9 жазбаша ескерту);

Микроқаржы ұйымдары – 20 (5 айыппұл, 14 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту);

Сақтандыру компаниялары – 4 жазбаша ескерту;

Коллекторлық агенттіктер – 7 (6 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!