Тұрғын үй бағасы қымбаттаған қалалар анықталды

11:40, 17 сәуір 2019

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылдың IV тоқсанында әлемнің 150 қаласындағы жылжымайтын мүлік бағасы 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4.3%-ға өсті. Тұрғын үй қалалардың 79%-ында айтарлықтай қымбаттады, деп мәлімдеді Knight Frank консалтингтік фирмасының сарапшылары өзінің кезекті есебінде.

Қазақстан рейтингте қарастырылған жоқ. Посткеңестік кеңістік қалаларындағы жылжымайтын мүлік бағасының өсімі Санкт-Петербургте (+6.2 %), Ригада (+3.9 %), Таллинде (+2.1 %), Киевте (+0.7%) байқалды. Мәскеуде жылжымайтын мүлік 1.4 %-ға арзандады.

2018 жылы тұрғын үй бағасының ең маңызды өсімі бар ТОП-10 қала:

  1. Будапешт, Венгрия (+22.9%).
  2. Сиань, Қытай (+22.4 %).
  3. Роттердам, Нидерланды (+15.7 %).
  4. Порту, Португалия (+15.6%).
  5. Ахмадабад, Үндістан (+15.4%).
  6. Циндао, Қытай (+13.2 %).
  7. Амстердам, Нидерланды (+13.1 %).
  8. Загреб, Хорватия (+11.8 %).
  9. Утрехт, Нидерланды (+11.6%).
  10. Чунцин, Қытай (+11.6 %).

2018 жылы тұрғын үй бағасы ең көп төмендеген ТОП-10 қала:

  1. Турин, Италия (-13.2 %).
  2. Сидней, Австралия (-7.8 %).
  3. Стокгольм, Швеция (-7.1 %).
  4. Абердин, Ұлыбритания (-6.9 %).
  5. Мельбурн, Австралия (-6.4 %).
  6. Генуя, Италия (-6.2 %).
  7. Абу-Даби, БАӘ (-5.3 %).
  8. Любляна, Словения (-5.1 %).
  9. Дубай, БАӘ (-5 %).
  10. Скопьеде, Македония (-4.9 %).

Айта кетейік, 2017 жылы жылжымайтын мүлік бағалары әлемдегі қалалардың 87%-да өсті. Ағымдағы көрсеткіштер жаһандық нарықта бағаның өсу қарқынының бәсеңдеуін жалғастыратынын куәландырады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!