Тоқаев: Қадағалау органдары өңірлердегі бизнес-қоғамдастықтардың алдында есеп беруі тиіс

16:09, 24 мамыр 2019

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға кәсіпкерлермен ашық диалог жүргізуді тапсырды.

«Өңірлердегі бизнес-қоғамдастықтардың алдында бақылау-қадағалау органдарының есебі бірыңғай күнін жүргізу тәжірибесін енгізу қажет. Бұл заңнамадағы жаңашылдықтар түсіндірілетін, мемлекеттік органдар жұмысының басымдықтары айтылатын ашық диалог алаңы болады», — деді Қ.Тоқаев.

Президент сөзінің мәтінін оның баспасөз қызметі Twitter-дегі микроблогында таратты.

«Тәуелсіз сот — бұл инвесторлар мен кәсіпкерлер тарапынан елдің бизнес ахуалына сенімнің іргелі сенімі. Кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы сот дауларында тараптардың теңдігін қамтамасыз ету қажет», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті жүйелі шара «кәсіпкердің адалдық презумпциясы» болуы тиістігіне назар аударды.

Сонымен қатар бұл шара Салық және Кеден кодестеріне кіргізілгенін, енді оны басқа да салаларда қолдану қажеттігін атап өтті.

«Бизнес жүргізу рейтингін төмендеткен әкімге шара қолданылады. Бизнес-омбудсменге жұмысты жандандыруға, бизнес-қоғамдастықта танымал әрі қажетті болуға кеңес беремін. Сонымен қатар өңірлік бизнес-омбудсмендер енгізу мәселесін қарастыру қажет», — деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ, Тоқаев сауықтыру мен банкроттық талаптарын түбегейлі жеңілдету және осы рәсімдер мерзімін қысқартуды тапсырды.

«Үкімет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің үздік тәжірибелерін ескере отырып, банкроттық туралы заңның жаңа редакциясын қабылдау туралы мәселені зерттеуі тиіс», — деді Президент.

Ол, сондай-ақ монополиялық жағдайды асыра пайдаланудың түбегейлі жолы кесіліп, негізсіз жоғары бағалармен, бәсекеге кедергілерді алумен күрес жүргізілетінін айтты.

ҚР Президентінің атап өтуінше, Үкімет пен әкімдер мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру бойынша түбегейлі шаралар қабылдауы қажет.

«Реттелетін сатып алуларға отандық бизнестің қатысуын арттыру бойынша нақты КРІ енгізу қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.






Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!