«Тарихтағы қара беттер» — Путин Сталиннің саясаты туралы

09:57, 4 қазан 2019

Алматы. 4 қазан. 7kun.kz — Ресей президенті Владимир Путин сталиндік лагерьлер мен қуғын-сүргінді ел тарихындағы қара беттер деп санайды. Алайда Кеңес басшысының Екінші дүниежүзілік соғысты бастады деген ойды теріс бағалады.

«Репрессиямен, лагерьлермен, адамдарымыздың, азаматтарымыздың қуғын-сүргін кезіндегі шығындарымен не байланысты екенін білеміз — бұлар еліміздің тарихындағы қара беттер. Бірақ Сталин соғыс тудырды деп айту — цинизмнің жоғары жағы. Таңертеңгі сағат төртте Кеңес Одағы Германияға шабуыл жасаған сияқты. Ол — неміс әскерлері Кеңес Одағының шекарасынан өткен. Және, шабуыл жасамау туралы жасалған шартқа қарамастан, осы шартты бұзып, соғыс жарияламай, Кеңес Одағына шабуыл жасады», – деді Путин.

Оның айтуынша, соғыс қасіретке айналды.

«Бұл — 25-27 миллион адамын жоғалтқан КСРО халықтары үшін қайғылы нәтиже, осы күнге дейін Германияда қайтыс болған миллиондарды әлі санай алмай жатырмыз», — деді РФ басшысы.

Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыста АҚШ-тың шығыны шамамен 0,5 млн адамды, ал Ұлыбританияда — 350-400 мың адамды құрады.

«Неміс әскерлерінің соққы күштері саны жағынан да, сапасы жағынан да Шығыс майданға шоғырланды. Ал қазір бәрін араластырып, жасырып, шығарып тастауға тырысады»,-деп атап өтті Путин.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!