Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 384,06 теңге

11:18, 12 маусым 2019

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 384,06 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (383,68 теңге/$1) ұлттық валюта 0,38 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 383,90 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 384,20 теңге, жабылу курсы бір долларға 384,20 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 105 млн 600 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 255.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 386 теңге, Алматыда – 386,5 теңге.

Ұлттық Банктің 12 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 383,75 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!