Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 386,11 теңге

12:00, 11 қыркүйек 2019
116

Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 386,11 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (385, 81 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,3 теңгеге әлсіреді.

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те — 387,5 теңге, Алматыда – 388,5 теңге болды.

Ұлттық банктің 11 қыркүйектегі ресми бағамы 1 доллар үшін 385,89 теңгені құрайды.

Источник: 7kun.kz


Пікір